$ 498.51  522.84  4.81

Медеу Арынбаев басынан өткен ауыр жағдайымен бөлісті

Көлік жүргізіп келе жатқанда талмасы ұстап, төрт рет жол апатын жасаған.

Фото: сұхбаттан скрин
Фото: сұхбаттан скрин

Қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаев "Динамен дұрыс" бағдарламасына сұхбат беріп, денсаулығы жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, көлік жүргізіп келе жатқанда талмасы ұстап, төрт рет жол апатын жасаған.

2000 жылдан бастап талма ауруына тап болдым. Ес жоғалту, тіресіп қалу басталды. 1993 жылдары жаспыз, мейрамханадан шығып жатқанда үш жігіт теуіп кеткен еді. Сол жеті жылдан кейін сыр берді ма екен деймін. Бәрі елуде елу. Сол соққыдан немесе тума пайда болған нәрсе. Бастапқыда жылына екі рет болатын. Содан келе ушығып, екі-үш айда бір рет бола бастады. Саханада ұстап қалды, сіресіп қалдым. Төрт рет қала ішінде көлік жүргізіп келе жатқанда болды. Төрт рет көлік қақтығысы болған. Бір рет маңызды шарада маңызды сәтте сіресіп қалып, сахнадан алып кетті. Сол кезде қара тізімге түсіп қалдым ба деп қорықтым. Отадан кейін шүкір жағдайым жақсы. Міне төрт жарым жылдай менде қайталану жоқ. Жағдайым тұрақты, концерт бойы ән айта аламын, деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары