Қазір екеуміз де сырласамыз, өткенді айтып жылап аламыз.
Танымал әнші Сұлушаш Нұрмағамбетова "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында жеке өмірі жайында сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, баласын енесі 4 айлығында алып кеткен. Кейін күйеуімен ажырасып, баласынан қол үзген.
Өмір бойы жолдасыммен тұрсам деген ниет болды. Бірақ оған жете алмадық. Бір ұл, бір қызым бар. Ұлды 4 айлығында енем алып кеткен. "Осылай жүріп, өлтіріп аласыңдар" деді. Себебі үй тыныш емес қой. Қазақконцерттен күйеуімді тәртібі үшін шығарып жіберді. Сөйтіп, 1984 жылы ажырастық. Содан кейін баланы көрген жоқпын. Ұлым 1996 жылы келін екеуі қолыма келді. Мені "Алмаштың мамасы" дейтін. Қазір екеуміз де сырласамыз, өткенді айтып жылап аламыз. Қандай болып өсті екен деп уайымдадым. Жаныма қатты батты, - деді ол.