$ 494.87  520.65  4.91

Ақерке Бүркітбай ерекше отбасылық суреттерін жариялады

Оқырмандар олардың өзара татулығына тәнті болған.

Фото: Instagram/akerkeburkitbay
Фото: Instagram/akerkeburkitbay

"Асыл" тобының солисі, қобызшы Ақерке Бүркітбай желіде жаңа жыл қарсаңында жасалған отбасылық фотосессиясын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақерке Бүркітбай отбасылық суреттерін Instagram парақшасында жариялаған. Суреттерде өнер иесінің жұлдызды енесі Роза Рымбаева, күйеуі Әли Оқапов, ұлы Зейін және қайын інісі Мәди Рымбаев та бой көрсетті.

Жаңа жылда баршаңызға жағымды жаңалықтар мен толағай табыстар тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін, - деп құттықтауын жеткізді Ақерке Бүркітбай. 

Жұлдызды жанұяның жаңа жылдық фотосессиясы желі қолданушыларының ыстық ықыласына ие болған. Оқырмандар олардың өзара татулығына тәнті болған.

"Үлгілі жанұя. Бір жаман нәрсе естімейсің. Өзара сыйластықтары ерекше", "Роза Қуанышқызы керемет жігіттерді тәрбиелеп шығарды", "Осы отбасыны мақтан тұтамын. Бәрі сондай тәрбиелі", "Қуанышты күндеріңіз көп болсын. Жыл сайын орталарыңызға жаңа сәби қосыла берсін", "Отбасыларыңызға амандық тілеймін", "Зейін атақты әжесі секілді еліне елеулі, халқына қалаулы болсын", - деп жазуда оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары