09.01.2024, 11:40

Азамат Сатыбалды марқұм анасын еске алып, видео жариялады

Фото: instagram.com/azamatc

Видеодан актердің жұбайы Назгүл Қарабалинаны да көруге болады. 

Мәдениет қайраткері, актер Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында марқұм болған анасын еске алып, видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеодан актердің жұбайы Назгүл Қарабалинаны да көруге болады. 

Марқұм анамның үнемі айтатын сөзі: “Бақыт – батада, балам!” Көп сауап аламын және жолым ашылсын десең, ата-анаңа қызмет жаса. Барынша жақсы көр. Көңіліне қаяу түсірме. Қуантуға тырыс. Батасын ал. Кейін, қап әттеген-ай деп өкінбеу үшін, –деп жазды актер.