Мәдениет & Шоубиз 28.03.2017 сағат 09:10

Димаш Құдайберген голливудтық фильмнің әнін орындады (ВИДЕО)

Қытайдағы «Singer» байқауында ерекше өнерімен әлемге танымал болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген голливудтық «Power Rangers» фильмінің саундтрегін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Қытайдағы дистрибьюторлық компания Weibo әлеуметтік парақшасында хабарлап, картинаның 10 секундтық трейлері мен фото-афишасын жүктеген.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Weibo-дағы ақпараттарға қарағанда, фильмді жарнамалау мақсатында арнайы түсірілген клипте Димаш «Go Go Power Rangers» әнін орындады.

«Power Rangers» американың Lions Gate Entertainment және Қытайдың TIK Films компаниялары бірлесіп түсірген супербатырлар жанрындағы кино. 24 наурыз күні Америкада және Тайванда таныстырылымы өтті. Қытайда прокатқа сәуір айының басында шығады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Қытайда ерекше танымалдылыққа қол жеткізген қазақстандық жас талант Димаш Құдайберген кеше Шаңхай қаласында өткен 24-кезекті «China Top music Awards» шарасында «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша марапатталған болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар