$ 447.4  477.55  4.76

Түркияның ең ірі телеарнасында көрсетілетін телесериал қазақша әнмен басталады (ВИДЕО)

Түркиядағы ең ірі телеарналардың бірі саналатын Kanal D арнасында 27 наурыздан бастап «Есімсіздер» атты телехикая көрсетілуде. Телесериал қазақтың «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі орындайтын «Ер Тұран» әнімен басталады.

Қазақстандық осынау өнер тобы Түркияда көп танымал болмаса да, олардың шығармалары көгілдір экран арқылы тұңғыш рет Kanal D арнасының миллиондаған көрерменіне жол тартты.

Айта кетейік, Barakuda мен Es Film кинокомпаниялары түсірген телехикаяға Түркиядағы террор оқиғалары арқау болып отыр. Басты рольдегі жас дипломат Фатих шетелдегі елшілік қызметіне тағайындалып жатқан кезінде Виранкаядан аудан әкімі шәйіт болды деген қайғылы хабар келед. Өзінің тікелей басшысының қолдауымен шет елдегі дипломатиялық карьерасынан бас тартқан Фатих осы ауданға ерікті түрде әкім болып баруға бел буады. Осылайша ол жанына өзінің етене жақын 7 жолдасын ертіп алып Виранкаяға аттанады. Оларды өте ауыр міндет күтіп тұр. Телехикаяның қысқаша сюжеті осындай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео