$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынуы мүмкін

Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы ол Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының депутаттармен болған кездесуі барысында айтты.

"Халықпен кездесуіміз барысында бізге тұрғындар тарапынан әншілердің фонограммамен ән айтуына қатысты да сұрақтар қойылады. Біз әрине, артист емеспіз, әнші емеспіз, бұл мәселені толыққанды білмеуіміз мүмкін. Бірақ, Түркіменстан мен көрші өзге де елдерде концерттерде фонограммамен ән айтуға тыйым салынған", - деді сенатор Мәдениет министріне.

Айта кетейік, депутат бүгін министрмен бірге театр ұжымдарымен кездесіп, ҚР Мәдениет туралы заңына енгізілгелі жатқан түзетулер мен өзгертулерді талқылады.

Егер әнші концертке келсе ол өзінің қызметін сатады. Ал, көрермендер - оның тұтынушысы. Олар сол концертті көру үшін ақша төледі. Осы тұрғыдан келгенде тұтынушыға сапалы қызмет көрсетілуі керек. Фонограмма - магнитофон, дискты, кассетаны кез-келген адам сатып алып, тыңдай алады. Біз концертке әншінің түрін көру үшін емес, әнін тыңдау үшін барамыз, бізге фонограмманың не қажеті бар дейді сауал қоятын тұрғындар. Осы жағын оңтайлы шешу керек", - деді Сәрсенбай Еңсегенов.

Сенатор Мәдениет туралы заңға өзгертулер енгізген кезде әншілердің фонограммасыз ән айту мәселесін назардан шығармауды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары