$ 494.87  520.65  4.91

«Меладземен дуэт»: Баян Мақсатқызы күйеуінен туған күніне ерекше сыйлық сұраған (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы 50 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы 50 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Ол өзінің туған күніне күйеуінен ерекше сыйлық сұраған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Продюсердің туған күніне жақын туыстарымен қатар, белгілі өнер азаматтары, шоу-бизнес өкілдері жиналған. Олар әлеуметтік желідегі парақшасында кештің әдемі сәттерімен бөлісіп жатыр.

Тележүргізуші Айгүл Мүкейдің жазуынша, туған күн иесі - Баян Мақсатқызы өзінің туған күнінде ресейлік әнші Валерий Меладземен ән шырқауды қалаған.

Баян Мақсатқызы жұбайынан сыйлық ретінде - Меладземен дуэт айтуды сұраған, - деп жазды ол. 

Сонымен қатар журналист, тележүргізуші Динара Сатжан құрбысын туған күнімен құттықтап, "бүгінгі Меладземен ән айтқаның сияқты, барлық арманың орындалсын" деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары