Желі қолданушылары айыппұл арқалаған танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова екенін жарыса жазды.
Алматы қалалық полиция департаменті 16 қаңтарда әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында Hongqi маркалы көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Құқық бұзушыға қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік құралын міндетті сақтандыру шартымен жүргізу ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, – делінген хабарламада.
Желі қолданушылары айыппұл арқалаған танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова екенін жарыса жазды.
Бұл оқиғаның болғаны рас. Түсірілімге бола рулге 15 секунд отырдым. Видеоны әлеуметтік желіге салған мен емес едім, қазір бұл видео жоғалып кетті. Мен көлік жүргізбеймін, жүргізушім бар. Рулге отырғаннан кейін қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кетіппін. Айыппұлды төледім, – деді актриса Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.