$ 442.05  474.14  4.74

Санжар Керімбай құлшылық жасаған сәтін видеоға түсірген Мадияр Серікбаевты сынады

Актер Құран шығаратын зауытқа да бас сұққан.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Әлеуметтік желіде «Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаевтың Қағбаны айналып, құлшылық жасаған видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актер бір топ әріптестерімен қасиетті қалаларды аралаған. Құран шығаратын зауытқа да бас сұққан.

Алла, біздің күнәларымызды кешір! Сенің күш-қуатыңнан артық ешқандай күш-қуат жоқ, – деп актер дұға жасаған.

Видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі актердің іс-әрекетін қолдап жатса, енді бірі сынап жатыр.

Жігіттер, мынау оң тірлік емес. Құлшылық, мінәжатты камераның алдында жасамайды. Шынайылық болмайды ондай жерде. Иман заттанып, ақырында мүлдем ғайып болады осылай жалғаса берсе. Құлшылық қылуетте жасырын болу керек, – дейді ағартушы Санжар Керімбай.

Санжардың айтқанын біраз оқырман қолдап, жарыса пікір білдірді.

«Үкімет қайда қарап отыр, кейінгі кезде Мадияр қатты беріліп, дінді жарнамалаудан қолы тимей кетті. Арты жақсы болсын, әйтеуір. Бұл жігітке шектеу қою керек», «Меккеге бару бизнеске айналды», «Танымал адамдарды дінге кіргізіп бітті», «Құдай Мадиярды ғана шақырады екен, басқа жағдайы жоқ, тақуа адамдарды көрмей жатыр ма екен?!», – деп жаза жөнелді желі қолданушылары.

Бірақ актердің қайырымдылықпен айналысатынын алға тартып, кейбір желі қолданушылары қатты сөкпеуге шақырды.

«Мадиярдың мұрындық болуымен қаншама адам баспаналы болды», «Адамдарды жігерлендіру үшін салынған видео шығар», «Жылағаны жүрегіме жетті», «Бәрімізге осы мекенге бару бұйырсын!», «Ата-анамды апару – арманым», – десті ағартушының оқырмандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 44
Күлкілі 14
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары