Тағдыр – ақымақ.
Танымал блогер, актриса Әсел Асқар өмірден ерте кеткен ұлына жан тебірентерлік жазба арнады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның ұлы осыдан екі жыл бұрын шетінеген.
Бүгін ұлым 2 жасқа толатын еді. Үлкен болып өсе бер деген тілек айта алмаймын. Арамызда болғанда үлкен торт үрлеп тойлатушы едік. Туған күніңе сай бөлмені безендіріп, айналып жүгіруші едің. Түрлі ойыншықпен ойнаушы едің. Саған киімдерді кигізіп көруші едім, ал сен ұстатпай қашушы едің. Анаң сен үшін бәрін жасайтын еді. Мен сені қатты сағындым, мамасының Бусинкасы.
Тағдыр – ақымақ. Сен дүниеге келген сәт есіме түсіп, өкіріп жылап алдым. Ұлымның атынан өзіме хат жазамын. Мен үшін осындай қадам қайғымды жеңілдетеді. Ұлым мені жұбатады. Жақсы көретінін жиі айтады. Алайда менің сағынышым күннен-күнге артып барады. Мамасының көз жасын күн сайын көре беру ұлыма да оңай емес. Өзім де қиналып кеттім, – деп жазды актриса.