$ 442.05  474.14  4.74

«Таза сатқындық». Актер баласының дертімен әйелін жалғыз қалдыратындарды сынады

Ол бірнеше жыл өнерден қол үзіп, отбасына көңіл бөлген.

Фото: instagram.com/zhanyamanov_rustem Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059107-sydau-onai-emes-rustem-zanyamanov-pen-zubaiy-tungysynyn-dertimen-5-6-zyl-kureskenin-aitty/
Фото: instagram.com/zhanyamanov_rustem Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059107-sydau-onai-emes-rustem-zanyamanov-pen-zubaiy-tungysynyn-dertimen-5-6-zyl-kureskenin-aitty/

Театр және кино актері Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл "Қызықты weekend" бағдарламасына сұхбат беріп, отбасындағы қиын кезеңдер туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бағдарлама мәліметінше, актер бірнеше жыл өнерден қол үзіп, отбасына көңіл бөлген.

Амал жоқ, солай істеуге тура келді. Бірақ, біздің қолымыздан келді. Әуелі - Құдай. Сосын өзіміз де әрекет жасадық. Көп профессорға апардық. Көп адам жол сілтеді. Бар зейінді балаға бұрдық. Емделгеннен кейін ғана жұмысқа білек сыбана кірістік. Баламыздың дертімен бірге күрестік. Оңай болған жоқ. Көп отбасы ажырасып кетеді екен. Жауапкершілікті әйеліне артып, әкесі ізім-ғайым жоғалады екен. Бұл таза сатқындық деп ойлаймын. Олай жасамау керек деп айтқым келеді. Қанша сынақ түссе де, өзің таңдаған адаммен өмірдің соңына дейін бірге болу керек. Біз сынған жоқпыз. Бір-бірімізге уәде бердік. Сол арқылы бір-бірімізге күш бердік. Осындай отбасылар болса, үміт үзбеңіздер. Соңына дейін күресіңіздер. Біз осы дертпен 5-6 жыл күрестік. Соңында біздің махаббатымыз, ауызбіршілігіміз жеңді, - деді актер.

Ал актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлының дерті мұрыны қанаудан басталғанын айтты.

Ешкімді айыптамаймыз. Оған шыдау да оңай емес. Басында мұрыны қанай бастады. Біз мән бермедік. Ондай уақытта тіпті балабақшаға беруге болмайды екен. Біз жұмыс бабымен жүріп, екі айдай балабақшаға бердік. Дерті одан сайын асқынып кетті. Қазір сол дертке алғыс айтамын. Өмірімізде көп нәрсе өзгерді. Ол бізге ұстаз болды. Бұрын ойламаған нәрсені ойлап, оқымаған дүниені ізденген рухани даму болды. Басында жас болдық. Ал қазір ересек адамдар секілді кез келген мәселені шешеміз, - деді актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 52
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары