08.02.2024, 11:20

Салтанат Бақаева арықтаудың құпиясымен бөлісті

Фото: instagram/saltanat_bakayeva

Ол қан пен тәтті сусындардан бас тартқанын айтты. 

Әнші, актриса Салтанат Бақаева әлеуметтік желіде оқырмандарына арықтаудың құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, арықтаудың негізі - үнемі режимді сақтау. 

Қыздар, арықтау процессінде ең бастысы - тұрақтылық. Егер бір күн режимнен шығып кетсеңіз, бастаған ісіңізді тастап кетпей, келесі күні қайта жалғастырыңыз. Екінші мәселе - тамақ жеп жүрген ыдысыңызды кіші ыдысқа ауыстырыңыз! Ең бастысы денсаулығыңызға зияны тимейтін жол іздесеңіз ешқандай дәрі, бад дегенге сенбеңіз! Азудың бір ғана жолы ол тамақты азайту, қозғалысты көбейту! Мейлі ол 10000 қадам болсын, спорттың бір түрі болсын. Бастысы күнделікті үзбей жасайтын болсаңыз міндетті түрде мақсатыңызға жетесіз!

Әдетте мен "арықтау процессін" бастағанда өзімді көп нәрседен шектеп тастайтынмын. Есесіне бір екі күннен кейін өзімді ұстай алмай аттың басын жіберетінмін. Бірақ бұл жолы мен басқа жол таңдадым және сол жол мені мақсатыма жеткізді! Мен бұл жолымды 8 желтоқсанда бастдым.Сол кезден бастап күнделікті жейтін нормамды ақырындап азайттым. 2 апта сайын бірнеше тағамдардан бас тартыңыз. Мысалы мен қанттан бастадым! Ешнәрсеге қант қоспаймын және тәтті сусындар ішмеймін. 2 апта өткен соң наннан бас тарттым. Келе келе өз бір методикамды құрдым, - деп жазды әнші.