08.02.2024, 16:40

Алтынай Жорабаева 1 айлық қызына Instagram парақша ашты

Фото: smartnews.kz

Желі қолданушылары өнер иесінің қызына жылы лебізін білдіруде.

Бір ай бұрын бесінші қызын дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева бір айлық қызына жеке парақша ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Әнші желіде сәбиінің суретін де жариялаған.  

"Аллаға шүкір. Бүгін Амина Алишерқызы 1 айға толды. Амина қызымыздың парақшасын аштық", - деп жазды әнші Instagram желісінде.

Желі қолданушылары өнер иесінің қызына жылы лебізін білдіруде.

"Бауырсақ қой, мына қыз", "Тәтті балапан, өмір жасы ұзақ болсын", "Сүйкімді арудың өмір жолы әркез ашық болсын", "Денсаулығы мықты болып, сіздің мақтанышыңыз болып жүре берсін", "Неге салдыңыз? Енді бұл балапанды иіскеп алғым келіп тұр", - деп пікір қалдырған деп жазады Nur.kz порталы.

Алайда әншінің қызына парақша ашып, оның суретін жариялағанына қарсы шыққандар да табылды. Олар кішкентай нәрестені көпшілікке көрсетуге болмайды деп жазуда.