$ 494.87  520.65  4.91

Әли Оқапов әріптестеріне ренішін айтты (ФОТО)

Барлығын жақсы жағынан жасауға тырысу керек. 

Фото: aliokapov/Instagram
Фото: aliokapov/Instagram

Әнші Әли Оқапов әлеуметтік желіге жазба жариялап, өнердегі әріптестеріне өкпесін жеткізді. Ол жақын араласатын жандардың жұмысқа келгенде жауапкершілікті ұмытып кететініне ренжіген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әли Оқапов әріптестеріне деген өкпе-ренішін Instagram парақшасында білдірді. «Жақсы адам деген мамандық емес екен. Мен өзіммен қызметтес жандардың барлығымен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысамын. Бірақ осы достықтың кесірінен сол адамдар «Өзіміз ғой» деп маған келген жауапкершілікті ұмытып кетеді. Бұл маған мүлдем ұнамайды. Меніңше, «өзіміз ғой» дегендерге керісінше барлығын жақсы жағынан жасауға тырысу керек. Қысқасы, кейде қашықтық сақтап, қажет кезде талап ете білу керек екен. Бұл – жай ғана бизнес, – деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары