"Қазақ барда, әкемнің әуені халықтың жүрегінде".
13 ақпан Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің туған күні. Әйгілі композитор көзі тірі болғанда 84 жасқа толар еді. Композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшада әкесі жайлы әсерлі жазба жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бүгін – Ескендір Хасанғалиевтің туған күні
"Бүгін менің әкем Ескендір Хасанғалиев 84 жасқа толар еді. Өзі жоқ болса да, артынан мәңгі өшпес музыкасы қалды. "Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы? Өлмейтұғын артынан із қалдырған" дейді. Қазақ барда, әкемнің әуені халықтың жүрегінде", - деп жазды Біржан Хасанғалиев.