$ 494.87  520.65  4.91

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева махаббатта жолы болмағанын айтты

"Ер-азамат жағынан махаббат болмаса да, халықтың махаббаты шексіз", - деді Наркенже Серікбаева.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның жолдасы жақында өмірден өтті. Өнер иесі "Пікір Like" бағдарламасында махаббаттан жолы болмағанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Наркенженің өмірде махаббатта жолы болмаған адам дейсің. Оны жасырып не істеймін? Бар нәрсе ғой. Қанша Меккеге барып келсем де, Құдайдан тілеп жатырмын. Алладан күдер үзбеймін. Алла бермесе, мен тартып ала алмаймын. Ер-азамат жағынан махаббат болмаса да, халықтың махаббаты шексіз. Бір тойда арқамнан қағып, құлағыма айтып кетеді. Аллаға еш ренішім жоқ. Шүкіршілігім көп, күпірлігім жоқ. ", - деді Наркенже Серікбаева.

Осыған дейін дәстүрлі әнші 4 жыл 7 ай бірге өмір сүрген жолдасының қырық жылдық бақыт сыйлап кеткенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары