Мені емдемеген емші қалған жоқ.
Айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман Жандарбек Бұлғақовқа берген сұхбатында ауыр дертінен қалай айыққаны туралы айтты - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жүрсін Ерманның айтуынша, бір әйел түс көріп, ауруының емі туралы аян берілген.
Бірде маған бір әйел хабарласып, "9 жыл зерттеп, жаңа дәрі ойлап шығардық, басқа жердің күрішінен шықпады, тек Бақанастыкінен ғана шықты" деді. Осы дәріні шығарған соң ол түс көрген екен. "Маған түсіме "Жүрсін Ерманға осы дәріні апарып бер, ем болады" деп аян берді" деп айтты. Бір айдан бері соның дәрісін ішіп жатырмын. Мені емдемеген емші қалған жоқ. Шүкір Аллаға, көптің тілегі қабыл болды ма, ажалдың ауызына барып-қайтып, "онда қызық ештеңе жоқ екен" деп аман жүріп жатырмыз, - деді ол.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Елдің батасы қабыл болды деген осы шығар!». Шәкірті Жүрсін Ерманның жағдайы туралы айтты