$ 494.87  520.65  4.91

«Елдің батасы қабыл болды деген осы шығар!». Шәкірті Жүрсін Ерманның жағдайы туралы айтты

Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана.

Фото: kazyret_berdikhan инстаграм парақшасынан
Фото: kazyret_berdikhan инстаграм парақшасынан

Айтыскер ақын Қазырет Бердіхан әлеуметтік желідегі парақшасында Жүрсін Ерманның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, Жүрсін Ерман бір жылдан аса уақыт отырған арбадан тұрған.

Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне бардым. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар! Бұйырса осы фототдағыдай ортамызда күліп жүріуді нәсіп етсін!!!, - деп жазды айтыскер Қазырет Бердіхан.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, амандық тіледі.

"Жақсы жаңалық екен", "Қазеке, Құдай қуат берсін екеуіңізге де!!!", "Аллаға шүкір! Көкеміз тіл-көзден аман болсын!", "Аллаға мың да бір шүкір, Алла қуат берсін, Аға! Аман болыңыз!", "Пах, шіркін! Қазеке бауырым, бір қуанттың! Жаратқан жар болсын Қазақтың Жүрсініне", - деп жазды олар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары