$ 494.87  520.65  4.91

Жазира Байырбекова бала-шағасынан ұялатынын айтты

Әншінің туған сіңлісі Назира Байырбек жазбаның астына махаббат жайлы құмарлық сезімнен туған әндерді емес, парасатпен жазылған әндерді орындауға кеңес берді.

Фото: instagram.zhazira_bairbekova
Фото: instagram.zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде оқырмандарынан кеңес сұрады.  Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында махаббат туралы ән айтуға бала-шағасынан ұялып жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Махаббат туралы мұңды әндер айтуға бала-шағамнан ұялатын болыппын. Мұны естіген танысым "Психологқа бару керек" дейді", - деп жазды Жазира Байырбекова.

Ал желі қолданушылары мұның қалыпты жағдай екенін айтып, әншіге ешқандай психологтың керек еместігін жеткізген.

"Бұл қалыпты жағдай", "Жас ұлғайған сайын саналы, салиқалы келіншекке келетін әдемі ой", "Балалар бізді өзгертеді", "Сол танысыңызды психологқа жіберу керек", "Мен де өзіме тыңдауға да, айтуға да тыйым салдым", "Қасыңда ер-азаматың бар, бақытты жанның қатарындасың", "Мұңды әндер керек емес", "Махаббатқа бөленіп жүрген адам қалай мұңды ән айтады?", - деп жазды желідегілер.

Әншінің туған сіңлісі Назира Байырбек жазбаның астына махаббат жайлы құмарлық сезімнен туған әндерді емес, парасатпен жазылған әндерді орындауға кеңес берді.

Махаббат туралы әндердің ішінде жастық құмарлық пен лап еткен ғашықтық сезімнен туған әндер, шынында жастарға тән. Бірақ махаббат жайды парасатпен жазылған әндер де бар ғой. Ойлы, мағынасы терең. Өмірмен, философиямен байланыстырылған. Жас ұлғая келе адамның жаны сол әндерді қалап тұрады. Бұл заңды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары