$ 442.05  474.14  4.74

Танымал ақын Құрманай Бақтиярқызы халыққа алғыс айтты (ВИДЕО)

Ал желі қолданушылары оның денсаулығы жақсарғанына қуанып, «Алла жаныңа шипа берсін!» деп жазып жатыр.

Фото: https: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/
Фото: https: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/

Танымал ақын Құрманай Бақтиярқызы денсаулығына алаңдап жатқан халыққа алғыс білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, денсаулығына алаңдаған халыққа қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Қазақ елімнің барына рақмет! Менімен ауырған жанына, маған дұға арнап атқызған таңына, шексіз, шетсіз алғыс айтамын. Қолыма парақшамды енді алдым. Палатаға шыққаныма біраз уақыт болды. Бірақ әлі де оңала алмай жатырмын. Еліме алғыс айту үшін желіге кірдім. Әлсіздік болғанымен көңілім орнында. Бәріңізді жақсы көремін, – деп жазды ақын.

Ал желі қолданушылары оның денсаулығы жақсарғанына қуанып, «Алла жаныңа шипа берсін!» деп жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары