$ 494.87  520.65  4.91

Нұржан Керменбаев жаңа әнін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Керменбаев жаңа туындысы не жайлы екенін оқырмандарына түсіндіріп берді.

Фото: www.instagram.com/nurzhan_kermenbayev/
Фото: www.instagram.com/nurzhan_kermenbayev/

Нұржан Керменбаевтың жақында ғана көпшілікке жол тартқан «Qazaqsha disco» әнін Instagram оқырмандары сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әннің қайырмасында «Күйеуге тиме! Күйеуге тиме! Дей ме, біреулер әлде?» деген жолдар бар. Тыңдарманның көңілінен шықпай, дау тудырып тұрғаны да осы жолдар.

Танымал әншінің айтуынша, желі қолданушыларының арасында әннің қайырмасын түсінбей, сын айтқандар болған. Керменбаев жаңа туындысы не жайлы екенін оқырмандарына түсіндіріп берді.

«Қыздар, күйеуге шығыңдар. Отбасы құрыңыздар! Жалпы қыз баланың басты мақсатының бірі сол деп ойлаймын. Біз «күйеуге тиме» деген насихат айтпадық. Автордың бейнелеуі бойынша, жігіт қызға сөз салады. Ал қыз арманымен, қиялымен екі ойлы болып тұрады. Осы кезде жігіт қыздан «Біреу саған күйеуге шықпа деп жүр ме? Құрбыларың, жақындарың тұрмысқа шықпа деп айтады ма?» деп сұрайды. Оны сіздер басқаша бұрмалап алыпсыздар. Негізі біздің айтқымыз келгені мүлде басқа. Сіздердің бұрмалап алғандарыңыз мүлде бөлек», - деді Нұржан Керменбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары