$ 474.72  515.17  5.58

«Жас жігітке тиіп алыңыз»: Ерке Есмахан қыз-келіншектерге кеңес берді

"Негізі, әлі жас айырмашылықты сөз ететіндерді түсінбеймін".

фото: @erke_esmahan
фото: @erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарының  сұрақтарына жауап бере отырып, қыз-келіншектерге тұрмыс құру туралы кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, әлі күнге дейін жас айырмашылығын сөз ететіндер бар көрінеді.

Өнер иесі, әңгімесін “Жасым 45-те. Бірақ сіз сияқты жас жігітке тұрмысқа шықпас едім. Маған үлкен жігіттер ұнайды” деген оқырман сұрағынан бастады. 

“Суретіңізді шығарып қатты ренжітпей-ақ қояйын. Бірақ парақшаңызды қарап келдім. Жас жігіттер сізге жол бермей, үйленейік, алып қашам, сүйдім-күйдім деп жатқан жоқ-ау. Егер солай айтып жатса, үлкенді күтпей тиіп алыңыз. Жалғыз болып отыра бермеңіз. Негізі, әлі жас айырмашылықты сөз ететіндерді түсінбеймін. Өмірде қаншама қорқынышты нәрселер болып жатыр. Маңыздысы жас емес, махаббат екенін әлі түсінбейсіздер”, – деп ренжіді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 26
Ұнамайды 7
Күлкілі 9
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары