29.02.2024, 15:20

Саят Медеуов жол апатына түскен сәтін есіне алды

Фото: instagram.com/sayatmedeuov_

Одан бұрын ата-анасы бірінен соң бірі қайтыс болған еді.

Әнші Саят Медеуов жол апатына түсіп, бір өлімнен аман қалған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «ХабарLike» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол жуырда жол апатынан аман қалған. Одан бұрын ата-анасы бірінен соң бірі қайтыс болған еді.

Көлікті негізі қатты жүргіземін. Бірақ қазір барлық жерде камера бар. Қатты жүргізе алмай қалдық. Бірақ мен көлікті қатты жүргізгенімен, өте жақсы жүргіземін. Жол апатына түстім. Осы соңғы бір-екі жылдың көлемінде қатты жол апаты болды. Сол кезде көпшілік «көлікті қатты жүргізесің, соның кесірі» деді. Бірақ ол кезде рөлде отырмаған едім. Көлікте ұйықтап жаттым. Білмей қалдым. Білмей қалғаным да дұрыс болды. Одан кейін қатты қорқып, көлік жүргізе алмай қалуым мүмкін еді, – деді Саят Медеуов.