Ниетімізді, пейілімізді жөндесек, апат та, қиыншылық та болмас па еді.
Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде көпшілікке жазба арнады. Әнші желіде оқырмандарын ізгілікке шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақ қазаққа қай уақытта жағамыз? Тілдеуге, жүндеуге келгенде ділмар-шешенбіз. Өзімізде жоқ ақылды айтуға көсембіз. Қай-қайсымыз, не істесек те жақпаймыз. Алланың жер бетіндегі өмірі әйтеуір бір сынақ екенін бәріміз білеміз. Бірақ ешнәрсе жақпайды, неге? Бәріміздің баратын жеріміз бір екені ақиқат. Жақсы сөз айтуға неге қиналамыз, қазағым-ау? Жалпы, әлеуметтік желіні қарап, жүрегім ауырып, жазып отырмын… Ниетімізді, пейілімізді жөндесек, апат та, қиыншылық та болмас па еді деген ойым ғана. Атақ, даңқ, дүние, мансап - шетсіз-шексіз болып көрінгенімен, баяны, мәні жоқ ұғым ғой. Қолға ұстаса, суып түсе салатын құм секілді. Ойымша, шүкір етпегенге өмір де күліп қарай қоймас, - деп жазды Ақбота Керімбекова Instagram-дағы парақшасында.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына жарыса пікір жазып, бос сөзге мән бермеу керектігін айтты.
"Керемет әншісіз", "Жұрт айта берсін", "Тыңдама", "Аталарымыз "Жақсы сөз - жарым ырыс" деген", "Дұрыс айтасыз", "Бос сөзге мән берме", - деп жазды желідегілер.