$ 443.37  474.49  4.83

Төреғалидің күйеу баласы тұтас мұз айдынын жалдады (ВИДЕО)

Спортшы құны 2 млн теңге тұратын сыйды табыстау үшін арнайы мұз айдынын жалдаған.

Фото: www.instagram.com/farizatoreali
Фото: www.instagram.com/farizatoreali

Танымал әнші Төреғалидің қарындасы, блогер Фариза Төреәліге күйеуі Дархан Нортаев естен кетпес тосынсый жасап, көптен бері армандап жүрген білезікті сыйлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы құны 2 млн теңге тұратын сыйды табыстау үшін арнайы мұз айдынын жалдаған.

Фариза Төреәлі күйеуі жасаған тосынсыйды Instagram парақшасында көрсетті.

Оның айтуынша, күйеуі екеуі осыдан бес жыл бұрын алғашқы кездесуде дәл сол мұз айдынына барған.

"Күйеуім себепсіз қуантты. Енді танысып бастаған кезде осы мұз айдынына келгенбіз. Оған да 5 жыл болыпты. Сол сәттерді еске түсіру үшін Дархан ешкім жоқ кезді пайдаланып түнде мұз айдынын жалдапты. Аяқ-асты "киін, кетеміз" деді де, ойламаған жерден осындай тосынсый жасап көңілімді жүре жарды сөздерімен босатып қойды. Және мен қатты қалап жүрген білезік", - деп жазды блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары