$ 442.05  474.14  4.74

«Тапсам аямаймын, басын жарамын»: Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалды (ВИДЕО)

"Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды".

ernur.kz
ernur.kz

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып, халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші WhatsApp желісінде өзінің атынан жалған сілтеме жіберіліп жатқанын ескертті. 

“Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Жалған хабарлама келсе, ашып, оқымаңыздар!”, – деп жазды халық әртісі.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары