06.03.2024, 15:00

Жер сілкінісінен шошынған Мәдина Сәдуақасова Қызылордадан үй алды

Фото: www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Сондай-ақ әнші Алматыда жер сілкінісі болғанда басқа қалада болғанын және жақындары үшін қатты қорыққанын жасырмады.

Әнші Мәдина Cәдуақасова оқырмандарымен қуанышын бөлісті. Қызылордалық әнші туған қаласынан үй сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің  Instagram-дағы парақшасынан Қызылордада жүргенін көруге болады.

«Түркістаннан шығып, Қызылордаға қайта келдім. Қызылордадан үй сатып алдым», - деп жазды Сәдуақасова.

Сондай-ақ әнші Алматыда жер сілкінісі болғанда басқа қалада болғанын және жақындары үшін қатты қорыққанын жасырмады.

«Алматыдағы жер сілкінісі шошытты. Балам, ата-анам, туыстарым, әр адамды ойладым. Өзің басқа жақтасың, ал жақындарың Алматыда қалғаны жаман екен. Алла сақтасын. Сол күні қолымнан телефон түспеді», - деп жазды әнші.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  «Қожайынның таңдауы – вилла!»: Ерке Есмахан зілзаладан кейін жер үй алды