$ 494.87  520.65  4.91

«Екі ай жүре алмай қалдым»: Белгілі актриса жүкті кезін еске алды

Оның үстіне, өзім келін болғандықтан, ауырдым деп жатып ала алмайтын едім.

Белгілі актриса, киножұлдыз Мадина Оспан  “Мамский әңгіме” подкастында қонақта болып өзінің ауыр өткен жүктілігі туралы айтты, - деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Тұрмыс құрғаннан соң, екі жылдан кейін баласыг дүниеге әкелген өнер иесі босану процесінің ауыр өткенін айтты. 

Мен бір жылдан кейін көтердім, үйленгенімізге екі жыл болғанда босандым. Тұла бойымдағы өзгерісті сездім. 4 ай бойы токсикоз болды. Әулеттің үлкен әпкелері “Құсып таста да, жүре бер” деді. Бірақ олай ете алмадым. Қатты әлсіреп, өзімді жоғалтып алдым. 5 айға өткенде дұрыстала бастадым. Босану процесім де ауыр өтті. Бір күні таңертең қатты ауырып тұрдым. Алғашында дұрыс емес жаттым ба деп ойладым. Тексерілуге перзентханаға бардық. Барсақ, акушер маған толғағымның басталғанын айтты. Толғағым таңғы 06:00-да басталды, бірақ босануға дайын болмадым. Уақыт өте берді, толғағым күшейе түсті. Кеш болды, түн болды, бір кезде уақытқа қарасам, сағат түңгі 03:00 екен. Ауырғаным соншалық, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамапппын. Сөйтіп акушер келіп, эпидуралдық анестезия салуды ұсынып, "қазір күшің қалмай, өзің туа алмайсың" деді. Күйеуім жанымда болғандықтан, ол бірден келісті. Мен оны тамырға салады деп ойладым, сөйтсем арқаға салады екен. Арқама инені шаншығанын сездім, кейін қабырғаларымның арасынан ауырсынуды басатын дәрілерді жібере бастады. Эпидуралдық анестезия қабылдағаннан кейін көп ұзамай, босануға дайын болып, таңғы 08:30 босандым. Бірақ, қиын босандым. Өйткені эпидуралдық анестезияны салғаннан кейін белден төмен сезбей қалдым, акушердің маған айтқандарын естіп, түсінгеніммен, оны істеу қолымнан келмеді, өз денемді басқара алмадым. Сондықтан дәрігерлер тіпті ішімнен басып, мені барынша тезірек босандырып алуға тырысқан. Қабырғаларым сынып кетеді деп ойладым, қатты айғайладым. Жолдасым есіктің сыртында келесі кабинетте тұрып, бәрін естіп тұрыпты, маған "ары қарай шыдай алмай кеттім" деп айтты. Ал мен оны естімеймін, өйткені мен қатты ауырдым, – деп еске алады актриса. 

Эпидуралдық анестезия зардабын актриса әлі күнге тартып жүргенін айтты. Сөзінше, екі ай дұрыс аяғын баса алмай қалған. 

Эпидуралдық анестезиядан кейін мен 2 күн аяғымды басып жүре алмай қалдым. Маған тым көп мөлшерде салып қойған секілді. Кейін 1 ай өткеннен кейін қайта 2 ай жүре алмай, төсек тартып жатып қалдым. Оның үстіне, өзім келін болғандықтан, ауырдым деп жатып ала алмайтын едім. Кішкене артық қимыл жасап қойсам, белім ауыратын. Менің ауырғаным күйеуімнің де жүйкесіне тие бастады. Бірақ, балам қырқынан шыққанша күйеуім жанымнан кетпей, күні-түні көмектесті. Баламды қырқынан шығарғаннан кейін күйеуіме түсіндіріп, төркініме кеттім. Төркінімде 1 ай бойы емделіп, қайта қайттым. Алайда белімнің ауыратынын әлі де сеземін, – дейді актриса. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары