Жеңімпаздың тәжі гауһар тастармен безендірілген, құны шамамен 44 миллион теңгеге бағаланады.
Кеше, 9 наурызда Үндістанның Мумбай қаласында сұлулық байқауының финалы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
РБК сайтының жазуынша, байқау өткен жылдың желтоқсан айында өтуі керек болған. Бірақ кейінге қалдырылғандықтан, Пышкова 2023 жылғы титулға ие болып отыр.
Вице-мисс атағын Ливаннан келген қатысушы Ясмина Зейтун алды. Жеңіске жету жолында чехиялық ару 114 қатысушыны басып озды.
Кристина Пышкова – студент, волонтер және халықаралық агенттіктің моделі. Заң және бизнесті басқару бойынша білім алуда.
Бұған қоса Пышкова ерікті ретінде Танзаниядағы аз қамтылған қауымдастықтардың балаларына арналған ағылшын тілі мектебін ашуға қатысып, сонда жұмыс істеген. Сайттағы дерек бойынша, Пышкова төрт тілді меңгерген: ағылшын, неміс, поляк, словак.
Жеңімпаздың тәжі гауһар тастармен безендірілген, құны шамамен 44 миллион теңгеге бағаланады.