17.03.2024, 11:30

Димаш әйгілі опера әншісіне шапан жапты (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Видеороликтің астына қазірдің өзінде 2 мыңнан аса пікір жазылған.

Әнші Димаш Құдайберген испаниялық опера әншісі Пласидо Домингоға шапан сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық әнші естелік сәт түсірілген видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.  

Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих, - деп жазды Димаш.

Видеороликтің астына қазірдің өзінде 2 мыңнан аса пікір жазылған.

Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар да жылы лебізін қалдырды.

Үлкендердің батасын алу – бақыт, - деп жазды олар.

Еске салсақ, 2023 жылдың желтоқсан айында Димаш Домингодан таланттар шоуына әділқазы болуға шақырту алған еді.