Іс ақпан айының аяғында сотқа түскен, бірақ бұл қазір ғана белгілі болды.
Алматыда атышулы блогер әрі "элиталық эскорт" желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс ақпан айының аяғында сотқа түскен, бірақ бұл қазір ғана белгілі болды.
"26 ақпанда Бас көлік прокуратурасы М. А-ға. қатысты қылмыстық істі Алматы Әуезов ауданының сотына ҚР ҚК-нің 296-баптың, 4-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу"), 309-баптың 2-бөлігі 1, 2-тармақтары ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет жасалған жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша жолдады", - деп ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, былтыр 6 маусымда ІІМ Алматыда "элиталы эскорт қызметкерлерінің" басшысын ұстағаны туралы белгілі болды. ІІМ жабық әлеуметтік парақшалардың анықталғаны туралы мәлімдеді, олар арқылы Алматыда ауқатты ер адамдарға интимдік және эскорт-қызмет көрсететін модель қыздар болған.