$ 494.87  520.65  4.91

«Етік – 319 мың, туфли – 559 мың»: Әсел Асқар бренд киімдерімен мақтанды

Аяқ киімді қатты жақсы көремін. Fendi брендінің соңғы үлгідегі коллекциясы менде бар.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Танымал актриса Әсел Асқар көктем мезгілінің жақындауына орай стилін өзгертіп, жаңа аяқ киімдер сатып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актриса басқа киімдерге қарағанда аяқ киімді көбірек ұнататынын жасырмады.

“Қымбатта оқырмандар! Көптен бері шықпай кеткен айдар – сатып алған заттарымды көрсету. Міне, бүгін сәті түсті. Өте көп аяқ киім алдым. Бәрін жеңілдікпен сатып жатыр екен. Мына қазақша ою-өрнекпен безендірілген аяқ киімнің бағасы – 319 мың теңге. Шалбар және көйлекпен де кие бересің. Одан кейін көктемде киетін жеңіл биік өкшелі етік алдым. Бағасы – 559 мың теңге. Екеуін алдым. Бірі – қара, екіншісі – ақ. Ақ түсі – 178 мың теңге. Қатты қуанып тұрмын. Мұның барлығы – брендтер”.

Өнер иесі алған аяқ киімдерін тапсырыспен шетелден алдырған екен.

“Спорттық аяқ киімді тапсырыспен алдырдым. Қазақстанда бітіп қалыпты. Аяқ киімді қатты жақсы көремін. Fendi брендінің соңғы үлгідегі коллекциясы менде бар. Осыдан 5-6 жыл бұрын бренд заттар алмайтын едім. Ол дұрыс емес екен. Қазір өте көп бренд бұйым жинауды әдетке айналдырдым”, – деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «29 жасқа келіп, шешім шығардым»: Танымал әнші өзінен ақша аяйтынын айтты 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары