$ 494.87  520.65  4.91

«Күтімі бар қатын бол, «ақымақтың» рөліне кір»: Актриса әйелдерге ақыл айтты

Бала-шағаң, үйің таза болсын!

Фото: https://www.instagram.com/merekusha.k/
Фото: https://www.instagram.com/merekusha.k/

Танымал әзілкеш, актриса, блогер Мереке Қалбаева қыз-келіншектермен ақыл айта жөнелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, бүгінда бала тәрбиелеп отырға актриса әйелдерге кеңес берді.

Қыздар, менің түсінгенім, сен мың жерден мықты әйел бол, қырып-жойып ақша тап, тауды қопарып тірлік қыл, бірақ күйеуіңнен бір саты төмен тұрмай, сыйламасаң, онда ақшаңның берекесі болмайды. «Ақылдылар көбейген» демеңдер. Басымнан өткен соң бөлісейін дедім. Үйленген соң бастапқы жылдары Арекеңді (күйеуі Арсен) тыңдағым келмей, сөз қайтарып, а десе мә деп, болмайтын жерден ұрыс шығарғым келіп жүргенде, салдары ажырасуға бір қадам болды. Ол кезде үйіміз жоқ, қарыз көп, пәтердің жағдайы нашар, береке де, тыныштық та жоқ еді. Одан соң өзіме «Мереке, сен қуасың ба? Ол ішпейді, шекпейді, ұрмайды, басқа қыздарға қарамайды, сені ғана сүйеді. Сонда саған не керек? Таңда! Арсенді алға шығарып, өзің соған арқа сүйейсің. Болмаса, ажырасасың!» деп өз-өзіме таңдау жасаттым. Не керек, Арсен іске кірісіп еді, бірден байып кеттік, шүкір!, – деп жазды белгілі ол.

Бұдан бөлек, актриса әйелдерге күтінудің қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.

Өзіңе үнемі қарап, күтімі бар қатын болып жүр. Мың жерден ақылды болсаң да, «ақымақтың» рөліне кір. Түнде риза қыл. Бала-шағаң, үйің таза болсын! Тамақты тәтті қылып жаса, бірақ өзің аз же, ешқашан семірме. Еркелеп жүр, бірақ асыра сілтеп, жиіркендіріп жіберме. Қалауыңды түнгі ризашылықтан кейін айт. Дәл осылай істеп жүріп, күйеуің біреуге кетсе немесе ұрса, онда маған айт, – деді Мереке Қалбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары