$ 494.87  520.65  4.91

Мұндай жағдай бірінші рет: Танымал блогер Әлішер Елікбаевты Жаңа Зеландияға өткізбей қойған

Әлішер Елікбаев алдағы 10 күнге жоспарының бұзылғанына қатты қынжылғанын жасырмады.

Фото: Orda.kz
Фото: Orda.kz

Әлішер Елікбаев Жаңа Зеландияға ұшатын рейстін түсіріліп, Тынық Мұхит аралына кіру визасы жойылғанын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал блогер, PR маманы Әлішер Елікбаев «мұндай жағдаймен бірінші рет» кезігіп тұрғанын, оқырмандарына қазіргі қиын жағдайын айтты.

– Ақыры, шытырман оқиғасыз жүре алмайтын болдық. Бәрі бейбіт түрде басталды. Біздің фамилияларымыз дыбыс ұлғайтқыш арқылы жарияланып, гейтке жақындауымызды сұрады. Онда Жаңа Зеландиядан келген көші-қон полициясының офицері қосылып, ол бізге жауап берді.

Біздің рейстің барлық жолаушылары бортында еді. Ал маған рұқсат етілмеді, оған қоса видеоға түсіруге де рұқсат бермеді.

Офицер шоттағы ақшадан бастап аралдар арасындағы паром билеттеріне дейін бәрін сұрады. 40 минуттай біз қайда бара жатқанымызды, неге әйелдер мен балаларды тастап кеткенімізді, қанша ақша табатынымызды түсіндірумен болдық.

Өмірімізде алғаш рет бізді рейстен алып тастады. Себебін түсіндірмеді, ештеңе айтпады. Жаңа Зеландияға арналған визаның себебін түсіндірместен рұқсатын жойды. Ешкім түсіндіруге бас қатырмады да. Құжаттардың бәрі дұрыс еді. Мен еңбек өтілі бар саяхатшымын, барлық құжаттарды алдын ала дайындаймын, - деп парақшасында ағынан жарылды Елікбаев.

Қатар халықаралық әуежайында қалған Әлішер Елікбаев неліктен визасы жойылғанын ешкім түсіндірмегенін және жойылған билеттердің қаржысын қайтару мәселесі жайында уайымын жеткізіп, алдағы 10 күнге жоспарының бұзылғанына қатты қынжылғанын жасырмады.

Осындай қиын сәтте қалжыңдап жүргеніне таң қалған оқырмандарына Елікбаев шын мәнісінде көңілі қатты құлазығанын және өзін қорланғандай сезініп тұрғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары