Үйдің келіні Қайрат Нұртас өзі дастарқан жайып, бауырсақ пісіріп, еден жуғанын айтады.
Шоу бизнестегі танымал әншілердің бірі Қайрат Нұртас әзіл ретінде түсірілген отбасылық видео жариялап, оқырмандарының көңілін көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеоны әртістің әкесі Нұртас Айдарбеков пен інісі Аян Нұртас Instagram желісінде жариялаған. Онда үйдің келіні Қайрат Нұртас өзі дастарқан жайып, бауырсақ пісіріп, еден жуғанын айтады.
Бейнежазба соңында әншінің еден жуып жүріп, жақындарына "осы менсіз бірдеңе істей аласыңдар ма?" деп ашуланғанын көруге болады.
Бейнебаянның астына "Жастар әзілдеп түсірген екен, шын мәніңде ойлап қарасам, біздің отбасымыздағы шаруаның 50 пайызы осы баланың мойында секілді", – деп жазды Қайраттың әкесі.
Әзілді оқырмандары да жақсы қабылдап, қолдау білдіріп, әзілді жалғастыра түсті.
"Әрине, сенсіз түк істей алмаймыз. Сен біздің Қайратымызсың ғой", "Кезінде Қайраттың рожки жегенін талқылап еді. Енді өзі еден жуатынын білсе, желі шулайын деп тұр", "Өте күлкілі шығыпты", "Осы отбасы әзілді қатырады", – деп жазуда көпшілік.