$ 442.05  474.14  4.74

«Сахна үшін жаралған жансыз»: Мақпал Жүнісова 42 жыл бұрын түсірілген видеомен бөлісті

«Гүлдер» ансамблінің жас әншісі 18 жаста болған.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Халқына еркелеп жүретін қазақтың бұлбұлы Мақпал Жүнісова Instagram желісіндегі парақшасында 42 жыл бұрын түсірілген видеосын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz тілшісі.

«Гүлдер» ансамблінің жас әншісі 18 жаста болған. Видеода бойжеткен Мақпал «Дүние сұлу» әнін орындайды.

«1982 жыл, марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыз хабарлапты, Сейдолла Байтереков ағамыз да өмірден озып кетті, жандары жәннатта болсын, топырақтары торқа болсын», - деп жазған ол.

Мақпалдың өнеріне тәнті оқырмандары оның жас кезінде-ақ ерекше киімі мен сахналық шеберлігіне тамсанып, пікір жазған.

"Сол кезден архивте сақталған осындай құнды видеолардың болғаны қандай керемет. Бұл - тарих. Сол кездегі ерекше атмосфера, басқа заман, адамдардың ниеті жан тазалығы мәдениеті бұзылмаған заман", "Нағыз сахна үшін жаралған жан екенсіз, өз орныңызды дәл тапқан жансыз",  "Мақпал апайымыз қазір де жаман емес ,әп-әдемі, фигурасы да өзіне жарасып тұр, нағыз өнер адам", "Не деген сұлулық, не деген нәзіктік, не деген дауыс, сахнада өзін еркін ұстауының өзі бір ғажап", "Бәрінен де киіміңіз ерекше тігілген екен", "Қазақша киім үлгісі қандай әдемі", "Керемет естелік қой. Жас күніңнен ашық шашық киінбепсің", "Не деген шынайылық! Жүректе тазалық, жанарда махаббаттан емес бір балалықтың лебі есіп тұр! Әдемісіз", - деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары