09.04.2024, 23:30

Димаш су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды

Фото: Kazinform

Ең бастысы, адамдар қалыпты өмірге қайта оралса болды.

Белгілі қазақстандық әнші және музыкант, жерлесіміз Димаш Құдайберген Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан еріктілер штабында болды. Димаш су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 миллион теңге аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: Kazinform

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әнші қаладағы «Анаға тағзым» орталығы су тасқынынан зардап шеккендер тұрып жатқан эвакуация пункттеріне қажет азық-түлік пен тұрмыстық заттарды жинайтын негізгі пунктке айналды. Мұның бәріне мыңдаған ерікті жұмылдырылған.

«Кішкентай кезімнен мені қолдап, биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірген жерлестеріме келмей тұра алмадым. Жаңалықтан мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын білдім. Ең бастысы, адамдар қалыпты өмірге қайта оралса болды», — деді Димаш Құдайберген.

Еріктілер қозғалысының тиімді жұмыс істеуі үшін облысымызда аймақтық штаб құрылды, онда волонтерлер екі топқа бөлінді. «Автоволонтерлер» тобы зардап шеккендерге көлікпен көмек жеткізсе, екінші топ гуманитарлық көмекті жинау және таратумен айналысады.

Облыста су тасқыны басталғаннан бері тәулік бойы жұмыс істеген 8600 еріктінің арқасында зардап шеккендерге айтарлықтай көмек көрсетілді.