$ 494.87  520.65  4.91

«Арамыз 14 жас»: Толқын Забирова неліктен күйеуінің суреттерін бөліспейтінін түсіндірді

Әншінің жолдасы Сафар Бабаев бір кездері  шоу-бизнеспен тығыз аралас болған екен.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Кәсіби әнші Толқын Забирова «Мамский әңгіме» подкастында күйеуімен қалай танысқанын және неліктен оны көрсетпейтінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің жолдасы Сафар Бабаев бір кездері  шоу-бизнеспен тығыз аралас болған екен.

Жолдасым өзін ешжерде көрсеткісі келмейді. Бірнеше жыл бұрын өнерде жүрген ерлі-зайыптылардан бағдарлама жасап, мені шақырды. Сафар ондайларға мүлдем қатыспайды. Осы уақытқа дейін сондай. Арасында бір жерде демалып желіге салсам, ұрсады. "Неге шығарасың" деп ренжиді. Бірақ медиа бағытында жұмыс істеген адамның бірі, қазақтың шоу-бизнесін көтерген деп айтар едім, – деп жауап берді әнші.

Сонымен бірге танымал әнші, педагог Толқын Забирова күйеуімен алғаш танысқан кезін еске алды.

Ол менің бағыма келген азамат деп ойлаймын. Өйткені әр нәрсенің өз жолы болады. Ол кезде "Тамаша" деген бағдарламаның айқайлап тұрған кезі еді. Мен 24 жастамын. Сол уақытта "Тамаша" бір гастрольге бармақ болады. Оны менің жолдасым ұйымдастырады. Әртістер бар, әншілер жоқ. Сомен әншілерді іздеп жүріп, маған тап болады. Досы оған Бақыт Шадаева мен менің нөмірімді берген. Бақытқа хабарласса, ол біреумен сөйлесіп жатыр екен. Ал менің телефоным бос болды. Мен тұрған үйде кешкі сағат оннан кейін ешкім ешкіммен телефон арқылы сөйлеспейді. Ал Сафар маған түнгі 11:30-да қоңырау шалды. Ол хабарласқанда қатты таңғалдым. Өйткені ол әртістер үшін аңызға айналған адам болды. Аты шыққан жұлдыздармен жұмыс істеді. Оны сырттан жақсы танитынмын. Оның ұсынысын қуана қабылдадым. Ол кезде қарыздарым бар еді. Өнер көрсетсем гонорар түсіп, қарыздарымнан құтыламын деп ойладым. Ертесіне таңғы жетіде алып кетті. Сол сапарда маған көзі түсіпті. Екеумізге ұшаққа билет жетпей қалды. Мені мейрамханаға шақырды. Мен қатты ұялып қалдым. Мен оны үлкен кісідей көрдім. Арамыз 14 жас болды, – деп ағынан жарылды әнші.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары