«Димаштан кейін көш бастап тұрған жігіт екен».
Қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрь су тасқынынан зардап шеккен халыққа 5 млн теңге көмек аударды. Бұл жайлы өнер иесінің әкесі Өктем Алтаев жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бағжан Октябрь су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде 5 млн теңге қосты. Біз біргеміз», - деп жазды Өктем Алтаев Instagram-дағы парақшасында.
Ал желі қолданушылары Бағжанның бұл игі ісі үшін алғыс білдірді.
«Бағжанның бағы жана берсін», «Ер адам осындай болуы керек», «Димаштан кейін көш бастап тұрған жігіт екен», «Жомарттығыңды көрсеттің», «Жарайсыз!», - деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, бұған дейін шоу-бизнес өкілдері бірігіп, су тасқынынан зардап шеккен халыққа 25 млн теңге жинап берген болатын. Ал танымал әнші Димаш Құдайбергеннің тасқынынан зардап шеккен елге 15 млн теңге қаржылай көмек бергенін жазғанбыз.