$ 495.2  522.34  4.94

Лимузиннің орнына ат, қолында бүркіт: Жаңаөзенде ерекше беташар өтті (ВИДЕО)

Күйеу жігіт қалыңдықты жаңа туыстарымен таныстыруды дәстүрге сай өткізуді ұйғарған.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысында өткен ерекше беташарда күйеу жігіт қалыңдықты лимузиннің орнына атпен, қолына бүркіт ұстап алып келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, беташар Жаңаөзен қаласында өткен.

Күйеу жігіт қалыңдықты жаңа туыстарымен таныстыруды дәстүрге сай өткізуді ұйғарған.

“Лимузиннің орнына ат, қолында бүркіт, құмай тазы. Осылайша, мұнай саласында еңбек етіп жүрген Бауыржан дәстүрді жаңартып, тың серпін беруге тырысқан”, – деп жазды басылым.

Бауыржанның болашақ жары Сехер де ұлттық нақыштағы той көйлегін киіп, атқа отырды.

“Қазақилықтың исі үнемі осы Маңғаз Маңғыстаулықтардан шығып тұрады, керемет”, “бастама керемет, қазағымыз ана тілімен, салт-дәстүрімен – қазақ. Жарайсыздар қос қолдап қолдаймын”, “қайта-қайта көргім келді, жарайсыздар”, “жастар бақытты болсын” деп жазды желі қолданушылары.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары