$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей бұрышы ашылды

Композитордың 1970 жылы жарыққа шыққан «Атамекен» әні көзі тірісінде қазақ халқының екінші әнұранына айналды. 

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының мемлекеттік архивінде ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері, композитор әрі әнші Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей бұрышы ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Композитордың 1970 жылы жарыққа шыққан «Атамекен» әні бүгінде қазақ халқының екінші әнұранына айналып отыр. Сондықтан музей бұрышына «Қазақстаным-қасиетті Атамекенім» деген атау берілді.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бастама «Алматы қаласының Мемлекеттік архиві» мен «Хасанғалиев әлемі» мәдениетті қолдау қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Бір жарым айда құжаттарды тапсырдық. Жылдан-жылға экспозиция міндетті түрде толығады. Әлі беретін дүние көп», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев.

Оның отбасы белгілі композитордың өмірі мен шығармашылығына байланысты 100-ден астам құжат пен экспонатты мемлекеттік сақтауға тапсырды.

Іс-шараға зиялы қауымның белгілі өкілдері, туыстары мен жақындары, Ескендір Өтегенұлының достары мен серіктері қатысты. Лента кесу салтанаты әйгілі «Атамекен» әнінің сүйемелдеуімен өтті.

«Ескендір Өтегенұлының шығармашылығы мен еңбегі халыққа тиесілі. Енді қазақстандық эстрада аңызының қолжазбалары, наградалары, фотоальбомдары, сыйлықтары, кітаптары, ордендері мен медальдары осында сақталады, өскелең ұрпақ қажет болған жағдайда таныса алады. Отбасымыздың атынан музей бұрышын ашу жөніндегі осы игі бастаманы қолдағаны үшін барлығына алғыс білдіремін», - деді ҚР Халық артисінің жұбайы Дарико Хасанғалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары