$ 494.87  520.65  4.91

«Өзіме қалған жоқ»: Дариға Бадықова кинодан тапқан 2 млрд теңгені қайда жаратқанын айтты

Қалған 1 млрд теңге өзіме қалған жоқ.

Фото: ©instagram.com/dariga_badykova
Фото: ©instagram.com/dariga_badykova

 

Танымал актриса Дариға Бадықова өзінің «Таптым-ау сені» атты алғашқы киносынан түскен 2 млрд теңге табысын қайда жұмсағанын ашып айтты. Өнер иесінің сөзінше, бұл сома толығымен өз қалтасында қалмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дариға Бадықова Динара Сәтжанның «DS` Show» бағдарламасында қонақ болып, киносы туралы қызықтарды баяндады. 

Сонымен қатар Бадықова алғашқы фильмінен тапқан 2 млрд теңге табысын қайда жұмсағанын айтты.

«2 млрд теңгенің тең жартысын 1 млрд теңгені «Kinopark»-қа бердім. Қалған 1 млрд теңге өзіме қалған жоқ. Пайызын «Sulpak» компаниясына бердім. Құрбыларым берген қарыздан құтылдым. Бәріне алғысымды айттым. Мен өзім шашып жүретін адаммын. Жан-жағыма бердім. Екінші киноға ақша алып қалдым. Өзіме пәтер сатып алдым. Еңбегім бар ғой. Оны да алмайтын едім. Барына базар деп жүре беретін едім. Жылжымайтын мүлік болсын деген оймен алып қойдым. Көлік алмадым. Өз көлігім бар», - деді кинопродюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары