Бұл тақырыпты осы жазбамен жабамын.
Белгілі сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызы инстаграм парақшасында өзінің қазіргі жағдайы туралы сыр шертіп, оқырмандарына алғысын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Құрманай Бақтиярқызының осыдан біраз уақыт бұрын денсаулығы сыр беріп, аурухананың жан сақтау бөліміне түсіп қалғанын жазған едік. Бүгінде ақынның жағдайы оңалған екен.
"Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп жақсы өткен. Асқазан ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдер жақсы шығып, отадан соң тұрып үйге қайтқанмын. "Ішек спайка болған тілу керек, әйтпесе болмайды" деді. Ары қарай білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен әлемдік концерттерде жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достар бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, "99/1 пайыз ғана үміт бар, дайын болыңыздар" деген екен.
Бұл тақырыпты осы жазбамен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде Алла ауыр көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті бірнеше рет жуғызды, асқазанның жарасын да артығын да кесті. Қан да тазарды, ұйқы бездер орнына келді. Қан қысымы мүлде жоғалды. Әр қиындықтың артында Һайырлы үлкен жеңілдігімен қуаныштары бар деп тегін айтпаған..
Өзіме емес, көзіме, құнды сөзіме мән бер, халқым. Мен сіздермен сондай бақыттымын", - деп жазды Құрманай Бақтиярқызы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: