$ 481.84  531.33  5.07

Жас кезіндегі суреттерін көрсеткен Мақпал Жүнісова елді тәнті етті (ВИДЕО)

Тіпті мұрағаттық кадрларды өзі де бірінші рет көріп отыр екен.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында жас кезіндегі суреттерін жариялап, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әншінің сөзінше, ол бұған дейін бұл фотоларды еш жерде жарияламаған. Тіпті мұрағаттық кадрларды өзі де бірінші рет көріп отыр екен.

"Бұл суреттер мықты фотограф, марқұм Рахымбай ағаның жары Априза апайдан келді. Өзім де алғаш көріп отырмын. Негізі Рахымбай аға барлық біздің атақты ақын-жазушылар, өнер адамдарын көп түсіргенін көретінмін. Өте еңбекқор жан еді, бәрін тегін түсіретін, қарапайым жан еді. Осындай жас кезімізден қуантқаныңыз үшін рақмет!", - деп жазды әнші Мақпал Жүнісова.

Мақпал Жүнісова

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының сұлулығына тәнті болып, оған түрлі пікір жаудырды.

"Өнеріңізге басымды иемін. Сондай сұлу болғансыз. Әлі де сол қалпы әдемі, көріктісіз", "Өте тамаша жансыз", "Шіркін жастық шақ. Қандай әдемі", "Сол кезден-ақ хас сұлу болыпсыз ғой", "Не деген әдемі қыз. Қайран жастық шақ", "Талай жігіттің арманы болған қызсыз ғой", - деп жазуда көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары