Бұдан былай оның қыздармен дуэт жазғанына түбегейлі қарсы екенін айтады.
Видеода әнші әйеліне әлеуметтік желіде өзінің парақшасына қайта жазылып, ұялы телефонында атын өзгертіп қоюын сұрайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әйеліне қыздармен ән айтқанда тұрған ештеңе жоқ екенін айтып, мысал ретінде Салтанат Бақаеваны келтіреді.
"Ел-жұрт екеумізді ажырасып кетті деп жатыр. Сен Instagram-да маған жазылсай. Ол деген менің жұмысым ғой. Мысалы Салтанатпен де ән айтып жүрмін ғой. Сосын телефонда да мені Нұржан Керменбаев деп сақтап қойыпсың. Бұлай болмайды", - деді Керменбаев.
Назерке Керменбаева күйеуіне ренішін білдіріп, бұдан былай оның қыздармен дуэт жазғанына түбегейлі қарсы екенін айтады.
"Өзіңіз ғой енді. Қыздардың қолынан ұстап, дуэт жазып жүрсіз. Біз олай келіскен жоқпыз ғой. Салтанаттың күйеуі бар. Ешкіммен дуэт айтпайсыз, ешкімнің қолынан ұстамайсыз. Сосын сізге қайта жазыламын", - деді ол.