$ 474.72  515.17  5.58

«Ішетін адамдармен араласпаймын»: Белгілі әнші ел білмейтін ерекшелегін айтты

Қазір тек Дариғамен ғана араласамын. Екеуміз күнде бірге шай ішеміз.

Қазақстандық танымал актер әрі әнші Олжас Абай кейінгі екі жылда араласатын қатары сиреп қалғанын айтты. Өнер иесі өзіне бірқатар шектеу қойып, біраз адаммен байланысын үзген. Бұл туралы ол "Revue News" бағдарламасында айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кинопродюсерлікке бет бұрған Олжас Абай бүгінде ешкіммен араласпайтынын айтты. Өнер иесі тәртібін түзеп, тек жұмысы мен отбасына уақыт бөліп жүр екен.

"Мен осы екі жылда адамдардан, ішетін адамдардан өзіме шектеу қойдым. Қазір мен көп адаммен араласпаймын. Ешкіммен араласпаймын. Қазір тек қана жұмыс және үй тәртібімен жүрмін. Қазір тек Дариғамен ғана араласамын. Екеуміз күнде бірге шай ішеміз", - деді актер.

Сонымен қатар ол өнердегі әріптесі Дариға Бадықовамен өзін не байланыстыратынын ашып айтты.

"Арамызда адами келісімшарт бар. Жұмыс пен алға қойған мақсаттарымыз бар. Екеуміздің ұрыспаған кезіміз жоқ. Қазірдің өзінде ұрысып қалдық", - деді Олжас Абай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 5
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары