Тіпті олардың бірі Иманбаеваны көтеріп алады.
Жақында ғана Англиядағы оқуын аяқтап, елге оралған Айгүл Иманбаеваны әріптестері ерекше күтіп алды. Өнер иесімен қызметтес жандар әуежайға қазақтың ұлттық тағамдарын алып барған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айгүл Иманбаева жақындары өзін қалай қарсы алғанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесінің әріптестері 90-жылғы стильде киініп, көліктерін арнайы безендіріп шыққан. Видеода ұшақтан енді ғана түскен әншіге әуежайда ет, бауырсақ пен қымыз ұсынып жатқанын көруге болады. Артынан бір топ әріптесі оны қоршап алып, құшақтай бастайды. Тіпті олардың бірі Иманбаеваны көтеріп алады.
Сәлем, достар! Бүгін бізде мереке, көптен күткен күн. Айгүл Серікқұлқызы оқуын бітіріп елге оралуда. Командамызбен күтіп алу сәтінен! Стильіміз қалай, ұнады ма?, деп күтіп алушы тарап жазба қалдырған.
Мұндай тосынсыйды күтпеген эстрада жұлдызы қуанышын жасыра алмай барлығына алғыс айтты.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Айгүл Иманбаева сүйінші сұрады «50 жасар студентіміз»: Белгілі журналист «Болашақпен» оқып келген Айгүл Иманбаеваны сынады