$ 494.87  520.65  4.91

«Қазаққа ғана дәлелдей алмай келемін»: Майра Мұхамедқызы өнердегі өкінішін жеткізді

"Бағалата алмай жарты ғасыр өмір өтіп барады".

Фото: ҚХА
Фото: ҚХА

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы өнер саласында жүріп, “халық әртісі” деген атақты ала алмай жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Айтуынша, шетелдегі әріптестері опера театрына жұмысқа шақырып, түрлі жалақы ұсынып, құрметті атақтарды берсе де, өз елінде қалуды жөн көрген. 

“Мен Астана Шабыт академиясында бес жыл вокалдан сабақ беріп, шәкірттерім халықаралық жүлделер алып жеңіспен оралғанда еңбегімді ешкім бағалаған емес. Сондағы алған жалақым – 17 мың теңге. Ойласам, күлкім келеді. Қайран уақыт пен сарқылған қуатың. Ал қырғыз бауырлар Қырғызстан ұлттық консерваторияның профессор атағын баяғыда беріп қойған. Ал біздегі атақ жайлы ойлаудың өзі жаныңа батады. “Халық әртісі” атағы жаңғырған былтырғы марапатта маған неге берілмегенін айтпай-ақ қояйын. Еңбегімді қазаққа дәлелдей алмай, бағалата алмай жарты ғасыр өмір өтіп барады. ”, - деп ашуланды опера әншісі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 199
Ұнамайды 4
Күлкілі 7
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары