Әйелдер дамыса, бақытты болады. Әйел бақытты болса, сіздің ұлыңыз, ұрпағыңыз да бақытты.
Танымал әнші Ерке Есмахан өзіне келетін хаттар туралы баяндады. Айтуынша, оған келіндер мен енелер мұңын шағып хат жазады екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шоу-бизнес өкілі «келін де, ене де мінсіз емес» деген ойда.
«Маған көп хат келіп жатыр. Енелер жағы «келінім оңбады, сендей болғанда ғой» деп, келіндер жағы «енеммен сыйыса алмайм, сыйлық сыйламаймын» деп жазуда. Мінсіз болуға ене де, келін де міндетті емес. Жақсы қарым-қатынасты өзімізден бастайық. Өзімізге махаббатты, назарды берсек, айнала соны қайталайды… Айнала – айна! Енелер, өтініш, «келіндер маған міндетті» деген ойды қояйық. Келіндеріңізге өз өздерін табуға, тануға уақыт беріп көріңіздер. Әйелдер дамыса, бақытты болады. Әйел бақытты болса, сіздің ұлыңыз, ұрпағыңыз да бақытты. Келіндер, өтініш, енелеріңіздің кей тұстарын қабылдауға тырысыңыздар. Қанша шетел боламыз дегенмен біз қазақпыз. Ата-енелеріміздің түсінігі басқашалау. Жанұя болып, бала сүйіп, жайқалып отырғаныңыз сол ене тәрбиелеген ұлдың арқасы. Үлкендерді өзгертетін біз емес. Өзімізден бастайық», – деп жазды эстрада жұлдызы.